Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жалағаш ауданына жаңа прокурор тағайындалды

Жалағаш ауданына жаңа прокурор тағайындалды

Kyzylorda-news.kz. Аудан әкімінің орынбасары Ерлан Бәкіровтың төрағалығымен актив отырысы өткізілді. Ерлан Әмірханұлы күн тәртібіндегі негізгі мәселе - құқық қорғау органдарындағы кадрлық өзгерістерді таныстыру мақсатында бас қосып отырғандығын мәлімдеді.
Жиында сөз алған Қызылорда облысы прокурорының бірінші орынбасары Талғат Айтбайұлы Жалағаш ауданына тағайындалған жаңа прокурор Шыңғыс Есжановты таныстырды.
Аудан әкімінің орынбасары Ерлан Бәкіров Мадияр Ертарғынұлының алдағы қызметіне сәттілік тілеп, ауданның Құрмет грамотасын табыстады.
Есжанов Шыңғыс Мәдиұлы 1989 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Білімі – жоғары. Қызылорда гуманитарлық заң колледжін, Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Құқықтану мамандығын бітірген. Магистр.
2013 -2019 жылдары Байқоңыр қаласының прокурорының көмекшісі, Қызылорда облысының прокуратурасында бөлім прокуроры, аға прокуроры;
2019 жылдың сәуір айынан бастап Жалағаш ауданы прокурорының орынбасары;
2020 жылдан осы уақытқа дейін облыс прокурорының аға көмекшісі қызметін атқарып келген.
24 қыркүйек 2020 ж. 274 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области