Тергеу изоляторына бауырсаққа жасырып телефон өткізбекші болған қызылордалық ұсталды
Kyzylorda-news.kz. Қызылордада тергеу изоляторында қамауда отырған ағасына қарындасының алып келген сәлем-сауқатын тексерген мекеме қызметкерлері бауырсаққа жасырылған тыйым салынған затты тауып тәркіледі.Қарындасы Nokia маркалы телефоны мен қуаттағыш құрылғысын фольга кағазына орап, бауырсақ ішіне жасырып өткізбек болған. Қамаудағы ағасы ҚР ҚК-нің 106 бабымен 8 жылға бас бостандығынан айырылған.
«Қазіргі таңда аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 481 бабына сәйкес іс –құжаттары процессуалдық шешім қабылдау үшін Қызылорда қалалық әкімшілік сотына жолданды», - делінген мекеменің таратқан хабарламасында.


























