Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда: «Мейірім» полуфабрикат өнімдері сертификатталды

Қызылорда: «Мейірім» полуфабрикат өнімдері сертификатталды

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласында «Мейірім» сауда белгісімен шығарылатын полуфабрикат өнімдері «ҚМДБ халал» сертификатына ие болды.
«ҚМДБ халал» сертификатын Қызылорда облысының бас имамы Болатбек Ұласқанұлы табыстады. «Халал Дамудың» жергілікті өкілі Перизат Шарапатова өндіріс аймағында аудит жұмыстарын жүргізіп, өнімдердің стандарт талабына сай дайындалуын қадағалады.
Цех қызметкерлеріне шариғат және халал стандарт талабы бойынша өнім өндірудің ерекшеліктері мен маңыздылығы жөнінде оқу-семинар өткізілді.
«Мейірім» кәсіпорнының тұшпара, котлет, тефтели, фарш секілді полуфабрикаттары «Халал өнімдерді өндіру, өңдеу, дайындау, сақтау, тасымалдау және сатуға қойылатын жалпы стандарт» талаптары бойынша сертификатталды.
«Мейірім» өнімдеріне берілген «ҚМДБ халал» сертификатының жарамдылық мерзімі: 08.09.2020-09.09.2021
28 қыркүйек 2020 ж. 177 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области