Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда облысында ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды

Қызылорда облысында ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында бюджетке 776 миллион теңге шығын келтірген ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қызылорда облысының экономикалық тергеу департаменті қылмыстық топты "СТОП ОБНАЛ" жедел-іздестіру шаралары кезінде ұстады.
Топ мүшелері жұмыстарды орындамай, тауарларды тиеп-жөнелтпей жалған шот-фактуралар жазумен айналысқан.
"Алдын ала есеп бойынша бюджетке келтірілген залал мөлшері 776 миллион теңгені құрап отыр", - делінген хабарламада.
Қылмыстық топтың басшысы мен оның мүшелеріне қатысты Қылмыстық кодекстің 262-бабы 1,2- тармағы бойынша (қылмыстық ұйымды, ұйымдасқан топты құру, оны басқару және оның қызметіне қатысу) сотқа дейінгі тергеу басталды.
Бұл бап бойынша мүлкi тәркiленiп, жетi жылдан он екi жылға дейiн бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
29 қыркүйек 2020 ж. 127 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области