Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚМДБ 30 жыл: Қызылордада мешіт күрделі жөндеуден өтті

ҚМДБ 30 жыл: Қызылордада мешіт күрделі жөндеуден өтті

Kyzylorda-news.kz. ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша Бас имамы Болатбек Ұласқанұлы «Ерназар Мақсұм» мешітінің күрделі жөндеуден кейін қайта ашылуына қатысты.
«30 жылдық мерейтойға 30 игі шара» республикалық акциясы аясында күрделі жөндеуден өткен мешіттің едені жылу жүйесіне қосылып, газ-пеш орнатылған және толығымен жөндеу жұмыстары жүргізілген. Жөндеуден кейінгі өзгерістермен танысқан Бас имам Болатбек Абуов мен Талсуат ауылдық округінің әкімі Болатбек Қалиұлы жанашыр азаматтар мен демеушілерге алғысын жеткізді.
Айта кетейік, биыл Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының құрылғанына 30 жыл толуына орай, «30 құдық», «30 көпір», «30 мың түп тал отырғызу» сынды игі бастамалар қолға алынған болатын. Мерейтойға арналған ірі жобалардың бірі – «30 мешітті күрделі жөндеуден өткізу».
29 қыркүйек 2020 ж. 144 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области