Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Бас имам аудан халқын Мәуліт мерекесімен құттықтады (ФОТО)

Бас имам аудан халқын Мәуліт мерекесімен құттықтады (ФОТО)

Kyzylorda-news.kz. ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша бас имамы Болатбек Абуов Арал және Қазалы аудандарында арнайы сапармен барып, аудан жұртшылығын Мәуліт мерекесімен құттықтады.Алдымен «Арал аудандық орталық» мешіттің ұйымдастырумен Арал аудандық мәдениет үйінде «Ұлы мінез иесі Мұхаммед (с.ғ.с.)» атты мәуліт рухани мерекесіне ҚМДБ-ның Сыр өңіріндегі Бас имамы Болатбек Абуов, Арал аудандық ішкі саясат басқармасының басшысы Махмут Марат, аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы Әбдіразақ Нұрбол, зиялы қауым өкілдері, қала тұрғындары, елді-мекен имам-молдалары, қонақ болды.
Құран аяттарымен ашылған аталған шарада елімізге белгілі термеші, композитор, айтыскер ақын Жәкен Омаров мәуліт жырын оқып, пайғамбарымызға (с.ғ.с.) салауаттар жолданса, «Өнер қырандары» театрының әртістері көрермен назарына тағылымды қойылымдарын ұсынды.
Шара соңында ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша Бас имам Болатбек Ұласқанұлы мен Арал аудандық орталық мешітінің Бас имамы Қайырхан Қабылғазиев құттықтау сөй сөйлеп, ауданға қарасты елді-мекендерде адал қызмет атқарып жүрген имамдарды марапаттап, қаржылай сыйақы табыстады.
Бұдан кейін, бас имам Болатбек Ұласқанұлы Қазалы ауданында да іс-сапарда болып, аудандық "Жанқожа батыр" мешітінің ұйымдастыруымен өткен "Жүректердің төрінен орын алған - Мұхаммед" атты рухани кештің қадірлі қонағы болды.
Қазалы аудандық мәдениет үйінде өткен мерекелік Мәуліт кешінде де Мәуліт жыры оқылып, әсерлі қойылымдар қойылып, көрермендер арасында Пайғамбар өмірінен "сұрақ-жауап" ойыны ойнатылды.
Кеш соңында бас имам Болатбек Абуов бірқатар белсенді азаматтарды алғыс хаттармен марапаттады.



20 желтоқсан 2019 ж. 394 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области