Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Элизабет Тұрсынбаева ұзақ үзілістен кейін жаттығуын қайта бастады

Элизабет Тұрсынбаева ұзақ үзілістен кейін жаттығуын қайта бастады

Kyzylorda-news.kz. Мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Элизабет Тұрсынбаева ұзақ үзілістен кейін жаттығуға кірісті. Бұл туралы ол Olympic.kz сайтына берген сұхбатында айтты.
Сондай-ақ, спортшы жаңа маусымдағы бағдарламасы туралы да әңгімеледі.
«Қазіргі таңда алғашқы жаттығулар қалыпты, өз дәрежесінде өтіп жатыр. Жаңа маусымда жаңа бағдарламаны жоспарлап отырған жоқпын. Менің білуімше, Гран при ұлттық форматта өтеді және жарыстағы ұпайлар рейтингке енгізілмейді. Ал мен Гран-приге қатыспаймын. Оқуыма қатысты айтар болсам, маған өте ұнайды. Көп жаңа ақпараттар, сонымен қатар, үй жұмысы да көп. Әзірге бәріне үлгеріп жатырмын», – дейді Тұрсынбаева.
Айта кетейік, Элизабет Тұрсынбаева биыл Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтына оқуға түсіп, студент атанды.
29 қыркүйек 2020 ж. 128 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области