Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Волонтерлік жұмыс еңбек кітапшасына міндетті түрде тіркелмек

Волонтерлік жұмыс еңбек кітапшасына міндетті түрде тіркелмек

Kyzylorda-news.kz. Қызметкерлердің волонтерлік жұмысын еңбек кітапшасына міндетті түрде тіркеу туралы шешім қабылданды. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қайырымдылық, волонтерлік ұйымдардың және бизнес-сектордың өкілдерімен кездесуінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қасым-Жомарт Тоқаев волонтерлік қызметті дамыту, қайырымдылық пен меценаттыққа қолдау көрсету мемлекетіміздің ұзақ мерзімді басымдығы деп санайды. Волонтерлік іспен айналысу – патриотизмнің жарқын көріністерінің бірі. Мемлекет басшысы жариялаған Волонтер жылы азаматтарымыздың көпшілігін қайырымды іс қозғалысы төңірегіне топтастырды. Қазақстандықтардың ұсынысы бойынша жасалған көптеген қайырымдылық және волонтерлік жобалар – соның дәлелі.
«Қайырымдылыққа тікелей және жанама түрде атсалысатын адамдардың саны тұрақты артып келе жатқанын көріп отырмыз. Қызметкерлердің волонтерлік жұмысын еңбек кітапшасына міндетті түрде тіркеу туралы шешім қабылданды. Бұдан бөлек волонтерлікпен айналысқан жастарға университетке, колледжге түсу кезінде бірқатар басымдық беріледі. Қазіргі таңда бұл жақсы нәтиже деп есептеймін. Баршаңыздың бұған елеулі үлес қосқандарыңыз сөзсіз», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
30 қыркүйек 2020 ж. 172 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области