Қызылордада адам қағып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші ұсталды

Бұл факт бойынша патрульдік полиция ротасының қызметкерлері жүргiзген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Бәйгеқұм елді мекенінің тұсында жүк тасымалдайтын “Газель” автокөлігіне “Мерседес” автокөлігін тиеп кетпекші болған жүргізуші ұсталды.Тексеру барысында жол-көлік оқиғасы орын алған жерден бой тасалаған жүргізушінің Түркістан облысы Қазығұрт ауылының 24 жастағы тұрғыны екені анықталды.Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 1-бөлігімен (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.