Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жаңақорғанда жаңа шипажай пайдалануға беріледі

Жаңақорғанда жаңа шипажай пайдалануға беріледі

Kyzylorda-news.kz. Пандемияның әсерінен туризм саласы шығынға батты. Қатерлі індеттің кесірінен Қызылордаға сырттан келушілердің саны өткен жылмен салыстырғанда 50 пайызға төмендеп кеткен. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Фердоуси Қожабергенов мәлімдеді.
Басқарма басшысының айтуынша ішкі туризмге келушілердің саны 48,3 пайызға төмендеп және келушілердің жалпы саны 19441 адамды құраған. Өңірдегі қонақ үйлер де 254 млн теңге шығынға ұшыраған.
Өңірдің негізгі туристік нысандарын дамытуға қатысты 2019 жылы «Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» бекітілген болатын.Бағдарлама аясындағы туристендіру картасына Қызылордадан 3 туристік нысан енгізілгені белгілі болды.
«Қамыстыбас» демалыс аймағы, «Жаңақорған» шипажайы, «Байқоңыр» ойын-сауық туристік аймағы туристендіру картасына енді. Оның ішінде «Байқоңыр» ойын-сауық туристік аймағының жобасы туристендіру картасының ТОП-10 тізімінде. Бұдан бөлек еліміздегі ТОП-50 туристендіру картасына «Қамыстбас» демалыс аймағы мен «Жаңақорған» шипажайы енгізілді. Жаңақорғанда қосымша 88 орындық заманауи шипажайдың құрылысы аяқталуға жақын. Жыл аяғына дейін пайдалануға берілмек», – дейді басқарма басшысы.
Сонымен қатар «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автокөлік дәлізінің бойында 30 кешен 700-ден астам адамды жұмыспен қамтып отыр. Жыл соңына дейін инвестиция көлемі 950 млн. теңге болатын 2 жол бойы кешені іске қосылмақ.
«Пандемия жағдайына байланысты биыл бөлінетін қаржы да қысқарды. Дегенмен басқарма тарапынан өңірдегі аз қамтылған отбасыларға «Байқоңыр», «Қорқыт ата» кешендері мен түрлі харихи орындарға бірнеше рет саяхат ұйымдастырылды», дейді Фердоуси Қожабергенов.
04 қараша 2020 ж. 181 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области