Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазақстанның ең криминалды өңірі: Қызылорда қай сатыда?

Қазақстанның ең криминалды өңірі: Қызылорда қай сатыда?

Kyzylorda-news.kz. Ұлттық статистика бюросы (бұрынғы статистика комитеті – ред. түсіндірмесі) таратқан мәліметтерге сүйенсек, Былтырмен салыстырғанда, қылмыс деңгейі 34,4%-ға төмендеген: 2020 жылғы III тоқсанда 126499 қылмыстық құқық бұзушылық тіркеліпті.

Республика бойынша 10 мың тұрғынға шаққанда қылмыскерлердің саны 90-ды құраған. Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары мен Қостанай облысы еліміздегі қылмыс көп тіркелген өңірлердің көшін бастаса, Шығыс Қазақстан облысы «ең тыныш» аймақ атанды.

Төмендегі статистикадан Қазақстанның өңірлері бойынша қылмыс деңгейін көрсеткішіні көре аласыздар:

Елімізде ауыр және аса ауыр қылмыстар саны өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 65,2% артыпты. Ең жиі кездесетін қылмыс – біреудің жеке меншігіне жасалған зардап (73,6%). Оның ішінде біреудің мүлкін ұрлау ең жиі кездеседі екен: 2020жылдың ІІІ тоқсанында 52,8 мың қылмыс анықталыпты.

Жеке адамға қарсы жасалған қылмыстар саны 7052-ні құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 11,7% аз. Зорлау – 39,6%, қорқыту – 26,4%, адам ұрлау – 24% қылмыстары бойынша төмендеу белгіленді.

Бқған қоса, қасақана кісі өлтіру және адам өлтіруге оқталу саны өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 15,4% артқан.

Еліміз бойынша адам өлтірудің ең жоғары деңгейі Павлодар, Ақмола, Қарағанды, Жамбыл облыстарында, ең төмені Шымкент қаласында байқалады:

Республиканың құқық қорғау органдары қылмыс жасаған 57,2 мың адамды анықтады (2019 жылғы III тоқсанмен салыстырғанда 23,1% аз), 28,2 мың адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Бір айта кетерлігі, қылмыс жасаған барлық анықталған адамдардың көпшілігі жұмыссыздар – 82,2% екен.

Орташа алғанда Қазақстанда қылмыс жасаған әрбір жетінші адам мас күйінде, әр тоғызыншысы дерлік – топ құрамында болған.

Қылмыс жасаған адамдардың 2,4%- ы – кәмелетке толмағандар.

09 қараша 2020 ж. 134 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области