Қызылордада қылмыс деңгейі 15 пайызға төмендеген
Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы құқық бұзушылық бойынша еліміздегі аймақтар арасында 7 орында тұр. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Қызылорда облысы прокурорының бірінші орынбасары Талғат Әлібаев мәлімдеді.
«2019 жылдың 9 айында кәмелетке толмағандардың қатысуымен жетпіс сегіз қылмыстық құқық бұзушылық жасалып, өткен жылмен салыстырғанда 17 пайызға кеміген. Сонымен қатар, кәмелетке толмағандарға қарсы 44 қылмыстық құқық бұзушылықтар орын алып, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 15 пайызға төмендеген», - деді Талғат Әлібаев.
Мұнан өзге, заңсыз теңіз маржандарын аулаған браконьерлердің жолын бағытында мақсатты жұмыстар жасалуда. Жүргізілген рейдтік шаралар нәтижесінде 12 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.