Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Ақзира Қасымова: Ғылымға қызығушылық танытқан әрбір оқушыны қолдауға дайынбыз

Ақзира Қасымова: Ғылымға қызығушылық танытқан әрбір оқушыны қолдауға дайынбыз

Kyzylorda-news.kz. Облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова оқушыларды ғылымға баулуда Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетімен екіжақты меморандум жасалғанын атап өтті. Яғни 54 инновациялық мектепте оқушыларды ғылыми жоба мен олимпиадаларға дайындау үшін жылына 1500 сағат бөлінген.
«Негізгі мақсатымыз – оқушыларды мектеп қабырғасынан бастап ғылымға баулу, жол көрсету. Меморандум аясында оқушылардың ғылыми жұмыстарына бірқатар университет ғалымдары жетекшілік етеді. Мәселен, облыс көлемінде бірнеше мектептерде жылыжай ұйымдастырылған. Жылыжайларда оқушыларға биология ғылымдарының кандидаты Рахат Құрманбаев, ауылшаруашылық ғылымдарының кандидаты Самалбек Қосанов жетекшілік етеді. Ал, ауылдық жердегі, Жаңақорған ауданындағы №195 мектеп-гимназияға тарих ғылымдарының докторы Дастан Сәтбай, филология ғылымдарының кандидаттары Айман Айтбаева, Райкүл Диуанова оқушыларды ғылыми жобаға дайындайды», – дейді басқарма басшысы.
Айта кетейік, Қызылордадан соңғы 3 жылда республикалық байқауларға 84 оқушы қатысып, 46 оқушы жүлде иеленді. Республикалық ғылыми жоба конкурсына 63 оқушы қатысып, 23 оқушы жеңімпаз атанды.
11 қараша 2020 ж. 170 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области