Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада жұмысшы мамандарды даярлау үшін жыл сайын жаңа кәсіптік мамандықтар ашылуда

Қызылордада жұмысшы мамандарды даярлау үшін жыл сайын жаңа кәсіптік мамандықтар ашылуда

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында жұмысшы мамандарды даярлау үшін жыл сайын жаңа кәсіптік мамандықтар ашылуда. Еңбек нарығын зерттеу арқылы ең қажетті деген жұмысшы кәсіп иелерін оқытуда колледждерге мемлекеттік лицензия берілуде. Мәселен, соңғы 3 жылда 26 жаңа мамандыққа мемлекеттік тапсырыс берілген. Бұл колледжерге 111 жаңа біліктілік береді.

Биыл аймақтағы колледжерде 7 жаңа кәсіптік мамандық ашылған. Атап айтқанда «Логистика», «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану», «Маркетинг», «Төтенше жағдайда қорғау», «Дизайн», «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту», «Көркем еңбек пәнінің мұғалімі» мамандықтарына сұраныс артқандықтан, оқытылуда.

Білім басқармасы басшысы Ақзира Қасымованың айтуынша, 2021 жылға қарай бірнеше жаңа мамандық ашылмақ. Мәселен, алдағы жылы «Ет және ет өнімдерін өндіру», «Сүт және сүт өнімдерін өндіру», «Жылы жай шаруашылығын ұйымдастыру», «Элеватор, ұн тарту, жарма және құрама жем өндірісі», «Робототехника және кірістірілетін жүйелер», «Сән, интерьер дизайны және өнеркәсіптік дизайны» сынды жаңа мамандықтар оқытылмақ.

Айта кетейік, Сыр елінде 30 колледж бар. Оның 17-і мемлекеттік, 13-і жеке колледж. Бүгінгі күні барлық колледждерде 19685 студент білім алуда.
13 қараша 2020 ж. 177 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области