Қызылордалық әйел кәмелетке толмаған қызды қорқытып, жезөкшелікке тартқан

Өткен аптада ішкі істер министрлігі республика аумағында «Стоп-трафик» жедел алдын алу шарасын өткізді.
Үш күн ішінде адам саудасымен байланысты 65 қылмыс ашылған. Шара барысында жезөкшелікке тартудың 10 фактісі анықталды.
«Алматыда екі қызды алдау және бопсалау арқылы жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген Қызылорда облысының 26 жастағы тумасы ұсталды. Жәбірленушілердің біреуі – кәмелеттік жасқа толмаған қыз», – деді Ғалиев онлайн брифингте.
Полицейлер қылмысты әлеуметтік желілерге мониторинг жасау кезінде анықтады. Күдікті желіге жыныстық қызмет көрсету туралы хабарландыру жариялаған.
Бұл фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 134-бабы (Кәмелетке толмаған адамды жезөкшелікпен айналысуға тарту) және 308-бабы (Жезөкшелiкпен айналысуға тарту) бойынша қылмыстық істер қозғалды.
Жәбірленушілерге қажетті көмек көрсетілуде.
Сондай-ақ, Нұр-Сұлтанда жеңгетайлықпен айналысқан екі қыз ұсталды. Олар 22 жастағы шымкенттік қыздың қиын жағдайын пайдаланып, оған клиенттер тауып беріп отырған.