Қызылордалық спортшы Əлем кубогінің чемпионы атанды

Сыр елінің зілтеміршісі Рахат жасөспірімдер арасында 102 келі салмақ дəрежесінде өнер көрсетіп, қоссайыс нəтижесінде 319 келіні (140+179) бағындырды.
Айта кетейік, былтырғы жылы Солтүстік Кореяның Пхеньян қаласында жəне Ташкентте өткен өткен Азия, Лас-Вегастағы Əлем чемпионаттарында алтын медальдарды иеленген болатын.
Ол 16 жасында Əлем рекордын орнатып, ️Азияның «Үздік спортшысы» номинациясының иегері атанған.
Бапкері: Нұржан Смаханов, Арман Абдраев.
Жарыстың соңғы күні, бүгін 81 келіден жоғары салмақта қызылордалық Айсамал Сансызбаева өнер көрсетеді.
11-18 қараша аралығында өтіп жатқан дүбірлі бəсекеге 61 елден 399 спортшы қатысуда.