Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада терроризмді насихаттаумен айналысқан азамат анықталды

Қызылордада терроризмді насихаттаумен айналысқан азамат анықталды

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысының түзеу мекемелерінің бірінде жазасын өтеп жатқан Түркістан облысы тұрғынының діни алауыздықты қоздырға бағытталған уағыздар таратумен айналысып жүргені анықталды.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы және Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесінің департаментінің қызметкерлері бірлесіп жүргізген іс-шаралар барысында түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан Түркістан облысының 43 жастағы тұрғынының діни алауыздықты қоздыруға бағытталған уағыздарды таратумен айналысып жүргенін анықтады.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 174-бабының 1-бөлігімен (Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, сараптама тағайындалды.

Сараптама қорытындысына сәйкес діни уағыздардан терроризмді насихаттау белгілері анықталды. Күдіктіге қатысты 2020 жылғы 16 қарашада Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 256-бабының 1-бөлігімен (Терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.
20 қараша 2020 ж. 128 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области