Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Байқоңырда әлеуметтік желі арқылы діни алауыздық туғызбақ болған азамат сотталды

Байқоңырда әлеуметтік желі арқылы діни алауыздық туғызбақ болған азамат сотталды

Қызылорда облысы Байқоңыр қаласында «Вконтакте» әлеуметтік желісінде діни алауыздықты қоздыруға бағытталған уағыздарды таратқан азамат сотталды, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Жоғарғы соттың баспасөз қызметінен хабарлағандай, Байқоңыр қалалық сотында ҚР Қылмыстық Кодексінің 174-бабының 1-бөлігі бойынша (Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру) қылмыстық іс қаралған.
«Анықталғандай, сотталушы ұялы телефоны арқылы«Вконтакте» әлеуметтік желісінде парақша ашқан. Сол парақшаға Абдусаллям-Аль уаля уаль баро, Назратуллах абу Марьям және Октам Заурбеков атты авторлардың діни алауыздықты қоздыруға бағытталған әрекеттері бар діни уағыздарды сақтап, оларды 2018 жылдың мамыр айында әлеуметтік желі пайдаланушыларына таратқан», - деп хабарлайды Жоғарғы соттың баспасөз қызметінен.
Сот үкімімен Байқоңыр тұрғыны Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 174-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығы шектелді.

13 наурыз 2019 ж. 451 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области