Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда қаласында заңсыз ойын бизнесімен айналысқандар сотталды

Қызылорда қаласында заңсыз ойын бизнесімен айналысқандар сотталды

Қызылорда қаласында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған жергілікті 3 тұрғын жазаға тартылды, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.

Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті экономикалық тергеу қызметі мамандары заңсыз ойын бизнесінің жолын кесті.
Қылмыстық топ 2017-2018 жылдарда өз әрекетін жүзеге асырған. Қаланың бірнеше жерінде ойын нүктесі анықталған.
Барлық ойын нүктелерінен 16 компьютер, 14 теледидар, бірнеше термопринтер мен электронды қаламдар тәркіленді. Ал кассалардан қомақты ақша табылды.
Ойын бизнесінен оңай жолмен пайда іздегендер алдымен бұл тіршілігін Алматы қаласында бастаса, оны беріде Қызылордаға ауыстырған.
«Қылмыстық іс Қызылорда қалалық №2 сотында қаралды. Ол толығымен дәлелденді. Прокурор олардың әрекеті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 307-бабының 2-бөлігі 2-тармағымен сәйкес келетіндігін саралады», - деді облыс бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметінің маманы Бақыт Орданова.
Сот үкімімен екі азаматқа 567250 теңге көлемінде айыппұл салынды. Бұрын сотты болған біреуі 4 жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтейтін болды.
11 наурыз 2019 ж. 430 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области