Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жаңақорғандық тұрғын заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған

Жаңақорғандық тұрғын заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған

Жаңақорған ауданында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған тұрғын айыппұл төлейді, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.

Сотталушы аудан орталығындағы Абдолла-Алтый Сүлеймен көшесі мен Сағырбаев көшелері қиылысында орналасқан бір бөлмелі кеңседен ойын мекемесін заңсыз ашқан. Бұл жерге оған қажетті техникаларды жабдықтаған.
Жаңақорған аудандық сотының хабарлауынша, ол ғаламтор арқылы ұтыс тіктіріп, ойындар ойнатқан.
Сот барысында сотталушы өзінің кінәсін толық мойындап, әрекетіне өкінетінін көрсетті.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 307-бабының 1-бөлігі бойынша қозғалған қылмысы дәлелденіп, сот үкімімен ол кінәлі деп танылды. Оған 250 АЕК мөлшерінде 601250 теңге айыппұл салынды.
13 желтоқсан 2018 ж. 462 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области