Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордалық мемлекеттік қызметшілер донор болуға шақырады

Қызылордалық мемлекеттік қызметшілер донор болуға шақырады

Kyzylorda-news.kz. ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті аймақтағы барлық мемлекеттік қызметшілерді қан тапсыру акциясына қатысуға шақырады.

Акция Агенттіктің #Игіістеруақыты бастамасы аясында өткізілуде.

Облыстық қан орталығының мәліметіне сәйкес қазіргі таңда аймақта қан тапшылығы бар. Тұрақты донорларға деген сұраныс өте жоғары. Орталық мамандарының айтуынша, тұрғындар арасынан орталыққа өз еріктерімен келіп, қан тапсыратын донорлар бар. Дегенмен күн суытқалы бері олардың да саны азайған.

Осыған орай, облыстық мемлекеттік қызмет істері департаменті мемлекеттік қызметкерлер арасында бастама көтеріп отыр. Өзге әріптестеріне үлгі ретінде департамент басшысы қызметкерлермен бірге қан орталығында қан тапсырды. Акцияға ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының облыстық филиалының қызметкерлері де атсалысты.

«Биылғы жылды Мемлекет басшысы «Еріктілер жылы» деп жариялауына орай осындай бастама көтеріп отырмыз. Бастаманың мақсаты – облыстағы барлық мемлекеттік қызметшілерді ерікті қан доноры болуға шақыру. Сол арқылы халық арасында донорлықты насихаттау. Қан тапсыру әрбір адамның қолынан келетін іс. Қиналған жандардың өміріне үміт сыйлайтын игілікті бастамаға әріптестеріміз барынша қолдау білдіреді деп сенемін», – деді департаменттің басқарма басшысы Ғалымжан Ілкібаев.
20 қараша 2020 ж. 200 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области