Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Шиелі ауданында 3 отбасыға баспана берілді

Шиелі ауданында 3 отбасыға баспана берілді

Kyzylorda-news.kz. Шиелі ауданында «Nur Otan» партиясының «Бақытты отбасы» жобасы аясында балалардың құқығын қорғау жөніндегі облыстық кеңестің көшпелі отырысы өтті.

Кеңес барысында «Nur Otan» партиясы Шиелі аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Патима Маханбет, «Қамқорлық» дағдарыс орталығының директоры Жандос Тұсмағанбетов, Ақмая ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Ұлжан Жосанова баяндама жасап, өзекті мәселелерді ортаға салды.

Айта кетейік, шара соңында аудан әкімі «Гежуба Шиелі Цемент» Компаниясының бас басқарушысы У Чжень Хуаның қолдауымен «Менің елім – Менің тірегім» қорына 150 планшет табыстады.

Оған қоса, «Ақмая» шаруа қожалығының төрағасы Дәулет Жұмбеков 2 отбасыға, «Алтын Дән Шиелі» шаруа қожалығының төрағасы Асқар Бердібаев 1 отбасыға тұрғын үй сертификатын табыстады. Тұрғын үй салуға қолдау көрсеткен барлық демеушілер мен қайырымдылық шараларын ұйымдастыруға белсенді атсалысып жүрген жауапты мамандар аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды.
27 қараша 2020 ж. 136 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области