Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҮЛГІСІ ЕРЕН АЗАМАТТАР

ҮЛГІСІ ЕРЕН АЗАМАТТАР


    Шиелі ауданы «Көкшоқы» шағын ауданындағы «Арман» мәдениет үйінде аймақтық «Рухани жаңғыру» орталығының ұйымдастыруымен аймақ мецанаттары қатыстырылуымен «Туған жерге тарту» атты «Мееtap» форматында облыстық шара өтті.
    Шара барысында мецанаттардың көмегімен жүзеге асырылып жатқан қамқорлық аясындағы шаруаларды таныстыра отырып, жастардың бойында отаншылдық сезімін нығайту, олардың адал еңбек ете жүріп, туған жерге деген жанашырлығын іспен көретуіне жол ашу және де бәсекелестік қабілетін арттыру мақсаттары алға шығарылды.
    Нақты кезеңде түрлі салдалаларды қызмет жасап жүрген Шиелі ауданының бірқатар азаматтарының туған жерге қолдау көрсетуін мақтанышпен атауға болады. Мәселен, «Ақмая» шаруақожалығының директоры Дәулет Жұмбеков ауыл жастарына өз қаржысы есебінен спорт кешенін салдып берсе, осы жарқын жолды алғабастық Ербол Машарапин де жалғастырды.
    Ол да өз ауылында осындай спорт кешенін салып беріп, ауыл жастарының салауатты өмір салтымен шұғылдануына қамқорлық танытып келеді. Сондай-ақ, «Төңкеріс-К» шаруа қожалығының төрағасы Бауыржан Көпеев те бұл жұмысты  өз ауылында қолға алды. Ал Ербол Жеңсікбаев аудан орталығындағы көп қабатты үйлердің сыртқы бөлігін әрлеуге қаржылай көмек көрсетті.
    Бұған қоса, меценаттар көмегімен аудан орталығы – Шиелі кентінде 30 млн теңгеге аллея салынды. Кәсіпкер Бағлан Әшірбеков, Айткүл Әбдіқадырованың да осы бағыттағы өзіндік үлесі бар. Ал «Семізбай» ЖШС-не қарасты Иіркөл филиалының директоры Мұқамеджан Салқынбаевтың азаматтық парызын орындаудағы үлгісі ерен деп айтуға болады.
    Шиелі ауданы әкімінің орынбасары А.Есмаханов модераторлық жасаған жиында аймақтық «Рухани жаңғыру» орталығының бөлім меңгерушісі Г.Әшірбекова рухани жаңғырудың сананы жаңғыртудан бастау аларын қадап айтып, осы тараптағы басқа да қадай-қадай мәселелерге жүйелі тоқталды.
    Аталған жиында туған жеріне тарту жасап жүрген мецанаттар өздерінің кәсіптері туралы әңгіме өрбітіп, ауыл тұрғындарына қолдау білдіру шараларын онан әрі жалғастыратындығын ортаға салды.
    Басқа әріптестерін де осы игілікті шаруаға шақырды. Жас ұрпақ аға буынның жанашырлық ісіне сүйсініп, өздері де осылай етуге талпыныс жасағандығын лебіздерінен сездерді.
    Н.НАУРЫЗБАЙ,
    Шиелі ауданы

14 мамыр 2018 ж. 678 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области