Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Сырдарияда қайғылы оқиға болды

Сырдарияда қайғылы оқиға болды

Kyzylorda-news.kz. Сырдария ауданында «Бектас-Қоныс» кен орнында өрт шығып, 3 жұмысшы қаза болды, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

1 желтоқсанда сағат 01.34-те «Қызылорда-Құмкөл» тас жолының 108 шақырымында «Бектас-Қоныс» кен орнында жұмысшыларға арналған контейнер типті жатақханада өрт шыққан. От шарпыған жердің аумағы – 1450 шаршы метр.

«Бектас-Қоныс» кен орнында өрт шығып, үш адам қаза болдыЖатақхананың жалпы аумағы 2500 шаршы метрді құрайды. Аумақта 100 контейнер орналасқан, оның 48-і өртенді.Өрт сағат 06.40-та толық сөндірілді.

«Оқиға орнынан 3 адамның мәйіті табылды. Алдын ала болжам бойынша, олар 1967, 1985, 1970 жылы туған жұмысшылар. Ол жерде барлығы 30 жұмысшы тұрған. Оның 27-сі өрт шыққан жерден 19 шақырым жердегі асханаға орналастырылды», – делінген министрлік таратқан ақпаратта.

Оқиға орнына төтенше жағдайлар департаментінің 19 қызметкері мен 3 техникасы, «ПОЖМонтажҚұрылыс» ЖШС мемлекеттік емес өртке қарсы қызметінің 9 жұмысшысы мен 2 техникасы, «ПетроҚазақстанҚұмкөлРесурсы» ЖШС мемлекеттік емес өртке қарсы қызметінің 3 қызметкері мен 1 техникасы жұмылдырылды.
01 желтоқсан 2020 ж. 142 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области