Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Балаларға заңсыз ойын ұйымдастырған қызылордалыққа үкім шықты

Балаларға заңсыз ойын ұйымдастырған қызылордалыққа үкім шықты

Kyzylorda-news.kz. Заңсыз ойын ұйымдастыруға қатысты кезекті қылмыстық іс бойынша сот үкім кесті. Бұл заңсыз әрекет Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті қызметкерлерімен үстіміздегі жылдың тамызында анықталған болатын.

Қызылорда қаласының тұрғыны балаларға арналған компьютерлік ойын клубы түрінде өз жеке кәсібін ашқан. Қаланың орталық көшелерінің бірінен жалға ғимарат алып, оған 14 компьютер қойған соң кәсібінің астарын Қазақстан Республикасының «Ойын бизнесі туралы» заңына қайшы әрекеттерге бұрған. Экономикалық тергеу департаментінің криминалист мамандары жүргізген зерттеулер нәтижесінде бұл компьютерлерге ұтыс тігілетін құмар ойындар жүктелгені және онлайн ойындар жасалғаны дәлелденді.

№2 Қызылорда қалалық сотының үкімімен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 307 бабы 1 бөлігінде қарастырылған қылмыстық әрекеттері үшін (ойын мекемесiн заңсыз ашу немесе заңсыз ұйымдастыру, құмар ойындарын ұйымдастыру және өткізу) заңсыз ойын ұйымдастырған азаматтың 1 жылға бас бостандығы шектелді. Сонымен қатар сотпен пробациялық бақылау және 100 сағаттық мәжбүрлі еңбекке тарту тағайындалды.

Ойын орнынан алынған 14 компьютер құрылғыларымен, 4 ұялы телефон және модем, кассадан алынған 177700 теңге ақша мемлекет пайдасына тәркіленді.

Айта кетейік, 2020 жылдың 9 айында қоғамға елеулі залал келтіретін заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру дерегімен 6 қылмыстық іс тіркелген.
03 желтоқсан 2020 ж. 189 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области