Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Сырдария ауданының әкімі мүмкіндігі шектеулі жандарды қабылдады

Сырдария ауданының әкімі мүмкіндігі шектеулі жандарды қабылдады

Kyzylorda-news.kz. Бүгін Сырдария ауданының әкімі Талғат Дүйсебаев «З желтоқсан – Халықаралық мүгедектер күніне» орай аудандағы бірқатар мүмкіндігі шектеулі жандарды қабылдады.
Кездесуде аудан басшысы өмірдің қиындығына мойымайтын жандармен пікірлесіп, ауданда атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.
«Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі жандарға қамқорлық жасау әлеуметтік саладағы басты міндеттің бірі саналады. Біздің елімізде мүгедек жандар үшін қандай да бір кедергілер болуы тиіс емес. Қазіргі таңда ауданда 1211 мүмкіндігі шектеулі жан бар. Демек, біз осынша адамға өзіміздің қолдау-көмегімізді жасауымыз керек, олар күнделікті назардан тыс қалмайды. Қазақстан Республикасының Үкіметімен «Қазақстан Республикасында мүгедек адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және тұрмыс сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспар» бекітілген. Онда 7 басым бағыт көзделген. Осы орайда, мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сүру деңгейін жақсарту бойынша мақсатты және жүйелі жұмыстарды жалғастыру үшін әлеуметтік көмектер көрсетілуде. Сондай-ақ, олардың көлік инфрақұрылым нысандарына кедергісіз қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында «Инватакси» қызметі жүзеге асырылуда. Мүмкіндігі шектеулі жандарға 1 газель, 1 жеңіл автокөлікпен инватакси қызметтерін көрсетуге арналған обьектілердің және белгіленген пункттердің тізбесіне сәйкес қызмет көрсетілуде. Одан бөлек, мүмкіндігі шектеулі жандарды оңалтудың жеке бағдарламасы бойынша 2019 жылдың ауыспалы кезеңін қоса алғанда осы кезге дейін 690 жеке оңалту бағдарламасы орындалды. 2021 жылдан бастап мүмкіндігі шектеулі адамдарға көрсетілетін қызметтер мен оңалту құралдарымен қамтамасыз етудің барлық түрлері «Әлеуметтік қызметтер» порталы арқылы жүзеге асырылады, – деген аудан басшысы кездесуге қатысушыларды келе жатқан Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтап, сый-құрмет көрсетті.
Өз кезегінде қабылдауға қатысқан мүкіндігі шектеулі жандар ризашылықтарын білдіріп, ұсыныс-пікірлерін жеткізді.
03 желтоқсан 2020 ж. 191 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области