Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 9 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

9 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

Kyzylorda-news.kz. Синоптиктер еліміздің бес облысында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Қазгидромет.

9 желтоқсанда Ақмола облысының кей жерлерінде бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с жетуі мүмкін.

Ертең Нұр-Сұлтан қаласында бұрқасын соғуы ықтимал.

9-10 желтоқсанда Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғуы мүмкін.

9 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысының күндіз кей жерлеріне қалың қар жаууы мүмкін. Кей жерлерде тұман түсіп, боран соғады. Оңтүстік-батыстан жел тұрып, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

9 желтоқсанда түнде Маңғыстау облысының солтүстігінде қатты аяз тұрады, минус 22°С дейін жетеді.

9-10 желтоқсанда Жамбыл облысында кей жерлерде тұман түсуі мүмкін.

9-10 желтоқсанда Таразда тұман түседі.
09 желтоқсан 2020 ж. 130 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области