«Киік»: Қызылордада 10 күнде 31 адам құқық бұзған

10 күнде табиғат қорғау заңнамаларын бұзған барлығы 31 дерек тіркелді. Оның ішінде, 1 қылмыстық және 30 әкімшілік құқық бұзушылық.
«Қазіргі таңда 1 дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 339-1 бабының 1-бөлігімен (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) терге-тексеру амалдары жүргізілуде», – делінген полиция департаментінің хабарламасында.
Кең даланың киесі атанған киіктерді аяусыз ату деректері тыйылмай тұр. Қаскөйлер құрып кетуге жақын тұрған киіктерді атып, оңай олжа іздейді.
Жуырда Сыр өңірінде тағы бір заңсыз аң аулау дерегі орын алды. Қызылордалық полицейлер облыс көлемінде өтіп жатқан «Киік» шарасы барысында 5 желтоқсан күні кешкі уақытта күдікті автокөлікті тоқтатты. Тексеру барысында көліктің жүксалғышынан атылған киік анықталған