Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордалық тұрғыннан ақбөкен мүйізі табылды

Қызылордалық тұрғыннан ақбөкен мүйізі табылды

Kyzylorda-news.kz. Қызылордалық полицейлер «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында қала тұрғынынан 4 дана ақбөкен мүйізін тапты, деп хабарлады Polisia.kz. Айта кетсек, 10-17 ақпан аралығында облыс көлемінде «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Іс-шараға арнайы мобильді топ құрылып жұмылдырылды. Атап айтқанда, биыл 12 ақпанда Қазалы ауданының тұрғынынан 4 дана ақбөкен жануарының мүйізі анықталды.
Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 339-бабы (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Сондай-ақ Арал ауданының тұрғыны 15 ақпанда көше бойында тоқтатылып, қолындағы күмән тудырған полиэтилен пакеттен 4 дана киік мүйізі анықталды.
Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодексінің 339-бабы (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Осыған сәйкес, Қызылорда облысының Полиция департаменті аң, балық аулау және ағаштар мен бұталарды кесу талаптарын бұзу, қоршаған ортаға елеулі зиян келтіру әрекеттері заңнамаға сәйкес әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартуға әкеліп соқтыратын ескертеді.
18 ақпан 2020 ж. 260 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области