Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Мемлекет басшысы бірқатар заңға қол қойды

Мемлекет басшысы бірқатар заңға қол қойды

Kyzylorda-news.kz. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтардың құқықтарын қорғауға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейтуге бағытталған бірқатар заңға қол қойды, деп хабарлады Ақорда.

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғауды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды.

Атап айтқанда, заңға сәйкес мемлекеттік қызметшілерге, парламент депутаттарына және судьяларға шетелдік банктерден шот ашуға тыйым салынды.

Қазақстан президенті бұған дейін 2021 жылдан бастап мемлекеттік қызметшілер, депутаттар, судьялар үшін олардың шоттарына иелік ету, шетелдік банктерде қолма-қол ақша мен құнды заттарды сақтауға қатысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа шектеу енгізу керек деп мәлімдеген болатын.

Сонымен қатар, президент «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне персонал беру жөніндегі қызметтерді көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адамдарды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге шығарып жіберу кезінде ұстап алу мерзімдерін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдарға қол қойды. Мемлекет басшысы бірқатар заңға қол қойды
20 желтоқсан 2020 ж. 125 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области