Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Тәртіп бұзған қызылордалық тұрғын көлік жүргізу құқығынан айырылды

Тәртіп бұзған қызылордалық тұрғын көлік жүргізу құқығынан айырылды

Kyzylorda-news.kz. Қызылордада көшеде автокөлігінің ескерту шамын жақпай бұрылған жүргізуші тоқтатылған.

Тәртіп сақшылары құжаттарын тексеру барысында 35 жастағы жүргізушінің алкоголь ішіп, көлік басқарғанын анықтады. Медициналық сараптама қортындысы бойынша жүргізушінің мас күйде болғаны нақтыланды.

1985 жылғы жүргізушіге қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608 бабының 1 тармағымен (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) әкімшілік іс қозғалып, сотқа жолданған.

Қызылорда қаласы мамандандырылған әкімшілік сотында жоғарыда аталған жүргізушіге қатысты әкімшілік іс қаралып, сот шешімімен құқық бұзушы 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынып, 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды.
20 желтоқсан 2020 ж. 259 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области