Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада мас жүргізуші 7 жыл көлік басқару құқығынан айырылды

Қызылордада мас жүргізуші 7 жыл көлік басқару құқығынан айырылды

Kyzylorda-news.kz. Қызылордада жол-көлік оқиғасын жасаған мас жүргізуші жеті жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылды.
Ағымдағы жылдың 9 қыркүйегінде Қызылорда қаласындағы Яссауи-Мүсірепов көшелерінің қиылысында 30 жастағы жүргізуші “Лада Гранта” маркалы автокөлігін алкогольдік масаң күйде басқарып, Яссауи көшесіндегі үйлердің бірінің темір қоршауына соғып, жол-көлік оқиғасын жасады.
Жуырда Қызылорда облыстық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608-бабының 3-бөлігімен (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) әкімшілік іс қаралды. Сот қаулысымен құқық бұзушы 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, 7 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылды.
27 қараша 2020 ж. 155 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области