Арал ауданында мал шаруашылығын дамыту мақсатында 119 жоба қаржыландырылған
Kyzylorda-news.kz. Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Арал ауданының әкімі Мұхтар Оразбаевты қабылдап, аудандағы жыл бойғы атқарылған жұмыстарды саралады.
Арал ауданда жыл басынан бері өнеркәсіп орындары 14,4 млрд теңгеден артық өнім өндіріп, салыстырмалы көлем индексі 110,6 пайызды көрсетуде.
Жыл ішінде аудан бойынша барлығы 783,6 мың тонна тұз қазылып, 219,1 мың тонна йодталған тұз, 5,4 мың тонна балық, 240 тонна ет, 788 тонна нан және нан өнімдері, 92,4 мың текше метр кварц топырағы өндірілген.
Бүгінде аудандағы шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 4 150 бірлікті құраған. Мал шаруашылығын дамыту мақсатында жалпы 564,2 млн. теңге болатын 119 жоба қаржыландырылған. Бұдан бөлек, «Бизнестің жол картасы 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында екінші деңгейлі банктер арқылы жалпы құны 173,0 млн. теңге болатын 7 жоба субсидияланған.
Агроөнеркәсіп кешеніндегі жалпы өнім көлемі 8,9 млрд. теңгені құрап, 2019 жылмен салыстырғанда 102,0 пайызға артқан.
2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда мүйізді ірі қара 0,1 пайызға, жылқы 2,8 пайызға, түйе 5,7 пайызға, қой мен ешкі 1,3 пайызға өскен.
Ауданда ауыл шаруашылығы саласы бойынша 26 заңды тұлға мен 856 шаруа қожалығы тіркелсе, оның ішіндегі 7 ауыл шаруашылығы құрылымы асыл тұқымды мал өсірумен айналысады.
Жалпы негізгі капиталға салынған инвестиция ауыл шаруашылығы саласы бойынша 11 айда 156,3 млн. теңге болып, 299,4 пайызға орындалса, тамақ өнімдеріне салынған инвестиция 304,4 млн. теңге болған.
Егін шаруашылығы бойынша аудан көлемінде барлығы 193,0 гектар жерге егін егілген.
Сонымен қатар, ауданнан ағымдағы жыл ішінде «Қамышорда» ЖШС арқылы Германия, Голландия мемлекеттеріне 594 тонна қамыс және Өзбекстан Республикасына «КZ-MBK» ЖШС-гі арқылы 136 тонна I-ші сұрыпты «Аралым ұны» экспортқа жөнелтілген.
Балық шаруашылығы бойынша ағымдағы жылы 6 214 тонна балық ауланса, оның 5 388 тоннанысы өңделген. Оның ішінде 2 159 тоннасы Ресей, Қытай, Германия, Польша, Грузия мемлекеттеріне экспортқа шығарылды.
Кездесу соңында өңір басшысы Гүлшара Әбдіқалықова Арал ауданы әкімі Мұхтар Оразбаевқа эпидемиологиялық ахуалды төмендетпеуге және ауданның экономикалық көрсеткішкетерін арттыру мақсатында бірқатар тапсырмалар жүктеді.