Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІ ӨРКЕНДЕП КЕЛЕДІ

ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІ ӨРКЕНДЕП КЕЛЕДІ


Арал ауданында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 8 айдың қортындысы бойынша қолданыстағы бағамен 8414,8 млн. теңге болды. Нақты көлем индексі 109,4 пайызды құрады. Аудан әкімі Мұқтар Оразбазевтың айтуынша, аталған мерзімде өңдеу өнеркәсібінде 6271,2 млн теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 109,2 пайызды құрады.
Өңдеу өнеркәсібіне тоқталсақ, ауданда барлығы 145,5 мың тонна йодталған ас тұзы, 2547 тонна балық өнімдері және 68,3 текше метр кварц топырағы өңделді. Өнеркәсіп өнімдерінің көлемі негізінен «Аралтұз» АҚ-на және «Қамқор Локомотив» ЖШС-нің үлесінде.
Индустриялық-инновациялық дамуға келесек, Өңірлік кәсіпкерлікті қолдау картасына Арал ауданынан 1,8 млрд теңгенің 4 жобасы енгізілген. Бұған дейін 3 жоба жұмыс жасап келген болса, биылғы жылы 1 жоба іске қосылатын болады. Ол – «Аквакультура» ЖШС-нің «Балық қабылдау және өңдеу цехы» .
Сондай-ақ, Арал қаласындағы индустриялық аймақтан жер телімі табысталған 3 жобаның екеуі іске қосылса, біреуі жыл соңына дейін іске қосу жоспарымызда бар.
26 қыркүйек 2018 ж. 495 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области