Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қармақшыда 24100 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

Қармақшыда 24100 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

Kyzylorda-news.kz. Бүгін аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықова Қармақшы ауданының әкімі Мұса Қалдарбековты қабылдады. Кездесуде Қармақшы ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері туралы есеп берілді.

Аудан аумағына 2 кент, 12 ауылдық округ кіреді. Ауданның өнеркәсіп саласының кәсіпорындары ағымдағы жылдың 11 айында 3234,0 млн.теңге өнім өндіріп, өткен жылдың есепті мерзімінен салыстырғанда нақты көлем индексі 112,2 пайызды құрады.

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 2020 жылдың 1 желтоқсанына 14644,9 млн.теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 100,2 пайызды құрады.

Есепті кезеңде 24100 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, өсім 10,5% құрайды. Бөлшек сауда көлемі өткен жылмен салыстырғанда 82,3 пайызға орындалып отыр.

Мал шаруашылығын дамыту бағытында қарқынды жұмыс атқарылуда. Мәселен, өткен жылдың қаңтар-қараша айларымен салыстырғанда мүйізді ірі қара басы 4,8 %, қой басы 3,4 %, жылқы басы 2,9 %, түйе басы 3,9 %, құстар 4,8 % өскен.

Аудан бойынша негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 8465,0 млн.теңге құрайды. Ал, шағын кәсіпкерлікті дамыту мақсатында жыл басынан аудан бойынша 67 өндірістік шағын жобалар іске асырылған.

Аймақ басшысы аудан әкіміне мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы, шағын және орта бизнесті дамыту, жұмыссыздық мәселесі бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.
24 желтоқсан 2020 ж. 151 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области