Сырдария ауданы: Ауылдарға да газ барады
Kyzylorda-news.kz. Бұл туралы «Nur Otan» партиясы атынан облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Расул Есенов Тереңөзек кентінде үгіт-насихат жұмыстарымен канвассинг кездесуде айтты. Үміткер партия ардагері, Сырдария ауданының Құрметті азаматы Алма Бақтиярованың үйіне барып, жағдайын сұрады.
Кездесуде денсулық, білім саласы сөз болды. Кәсіпкерлерге қолдау артатыны да айтылды. Аудан тұрғындарын жұмыспен қамтуда және әл-ауқатын арттыруда шағын және орта бизнес маңызды рөл атқарады. Партияның мақсаты кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдай жасау.
«Nur Otan» партиясы алдағы жылдары «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасымен 15 кәсіпкерге пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау шеңберінде несиелер және бизнесін жаңадан бастаушы азаматтарға гранттар ұсынуға, мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде «Бастау-Бизнес», «Бизнес Кеңесші» жобаларымен жыл сайын 200-ден аса азаматтарды кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасымен жыл сайын кемінде 4 жаңа жобаларды несиелендіруге ықпал етеді. Бұл шаралар нәтижесінде 2025 жылы жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерінің үлесін 96 пайызға жеткіземіз, – деді үміткер Расул Әбутәліпұлы.
Алма Сайранқызы, ауылдарды газдандыру жобалары туралы сұрады.
«Газбен қамтамасыз етілген елді мекендер үлесін арттыру мақсатында «Nur Otan» партиясы 3 елді мекенді Қалжан-ахун, С.Сейфуллин, А.Тоқмағанбетов газбен жабдықтауға ықпал етеді. Нәтижесінде аудан халқын газбен жабдықтау барысында 1850 отбасының тұрғын үйлеріне көгілдір отын кіргізіледі», – деп жауап берді үміткер.
Ардагердің ұсыныс-пікірлерін тыңдап, батасын алды. Үгіт парақшаларын таратып, «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.
«Nur Otan» партиясы Қызылорда облысының
Сайлау қорының қаражатынан төленді