Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Кәсіп бастағандарға несие беріледі

Кәсіп бастағандарға несие беріледі

Kyzylorda-news.kz. Шиелі аудандық мәдениет үйі «Nur Otan» партиясынан облыстық мәслихатының депутаттығына үміткер Тілеуберген Шаутай, аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Патима Маханбет, Насырбек Мырзабеков, Бекжан Бәкір, Ғалымжан Әлтаев, Серік Мүліков аудан тұрғындарымен кездесу өткізді.
Кандидаттар тұрғындарға партияның сайлауалды бағдарламада алға қойған мақсат-міндеттерін жеткізіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Кездесуде ауданға қатысты маңызды мәселелер айтылып, көптеген ұсыныстар талқыланды. Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтуда және әл-ауқатын арттыруда шағын және орта бизнес маңызды рөл атқарады. Партияның мақсаты кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдай жасау.
«Жыл сайын «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасымен 15 кәсіпкерге пайыздық мөлшерлемесін субсидялауға және бизнесін жаңадан бастаушы азаматтарға грант ұсынуға, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасымен жыл сайын жаңа 5 жобаларды несиелендіруге, кәсібін кеңейтуге, қызмет көрсету саласына ықпал етеді. Осы шаралар арқылы 2025 жылы жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің үлесін 93,5%-ға жеткіземіз», – деді Шаутай Тілеуберген.

Шара барысында зауыт жұмысшылары үміткерлерге сәттілік тіледі.
20 желтоқсан 2020 ж. 191 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области