Қызылордада заңсыз сексеуіл кескендер анықталды
Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында сексеуілді заңсыз кескендер анықталды.
Сексеуіл ағашын заңсыз кесуді алдын-алу мен болдырмау мақсатында «Жалағаш орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» қызметкерлері орман қоры жерлерінде кезекті рейдтік жұмыстар жүргізілген болатын.
Нәтижесінде, ағымдағы жылдың 29 желтоқсанында күнідізгі сағат 14:30-дар шамасында орман қоры жерінің «Қосарық» орманшылығының №3 орамынан жергілікті тұрғынның өзінің басқаруындағы Зил-130 маркалы автокөлігіне сексеуіл ағашын сындырып, тиеп жатқандығы анықталды.
Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 381-1 бабының 2 бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылып, сындырған сексеуіл бұтасы тәркіленді. Қазіргі уақытта осы анықталған дерек бойынша іс-құжаттары аудандық сотқа жолдауға әзірленуде.