Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада мейрам күндері 636 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды

Қызылордада мейрам күндері 636 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды

Kyzylorda-news.kz. Қызылордада Жаңа жыл мерекесі кезінде 34 қылмыстық құқық бұзушылық орын алып, оның 23 кезекші тәулікте ізін суытпай ашылды, ал қалғаны бойынша жедел іздестіру шаралары жүргізілуде.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлері мейрам күндері күшейтілген режімде жұмыс атқарды. Қылмыстың алдын алу, ізін суытпай ашу, қоғамдық тәртіпті сақтау, жол апаттылығын болдырмау мақсатында біршама жұмыстар атқарылды.

Облыс бойынша барлығы 636 әкімшілік құқық бұзушылық тіркеліп, оның ішінде, қоғамдық орындарда масаң күйде болған 50 тұлғаға, түнгі тыныштықты бұзған 10, алкоголь өнімдерін сату тәртібін бұзған 3 тұлғаға қатысты әкімшілік істер қозғалды.

Сонымен қатар облыс көлемінде 493 жүргізуші жол ережесін бұзған. Атап айтқанда 110 жүргізуші жылдамдық асырған, көлікті мас күйінде басқарған 5 жүргізуші анықталды, көлікті құжатсыз басқарған 44 әкімшілік жауапкершілікке тартылып, автокөліктері айып алаңына қойылды.

Кәмелетке толмағандар арасында қылмыстылық пен құқық бұзушылықты алдын алу мақсатында профилактикалық жұмыстар атқарылды.

Мереке күндері ішкі істер органдарына әр түрлі құқық бұзушылық жасағандары үшін 41 жасөспірім жеткізілді. Түнгі уақытта заңды өкілінсіз тұрғын жайдан тыс жерде жүрген 39 кәмелетке толмағандардың заңды өкілдері әкімшілік жауапкершілікке тартылса (ҚР ӘҚБтК 442-бабы), 2 жасөспірім ішкі істер органдарының профилактикалық есебіне алынды. Сонымен қатар 2 ата-ана тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды (ҚР ӘҚБтК 127-бабы).

Қызылорда облысы аумағында өткен «Пиротехника» жедел профилактикалық іс – шарасы кезінде тыйым салынған немесе шектелген тауарлармен сауда жасаудың 18 дерегі анықталып, әрбір құқықбұзушыға ҚР ӘҚБтК-нің 196-бабына сәйкес (Тауарлармен немесе өзге де заттармен заңсыз сауда жасау), 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (69450 т) айыппұл салынды.

Жалпы облыста криминогендік ахуал тұрақты.
05 қаңтар 2021 ж. 162 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области