Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада екі күнде 13 қылмыстың беті ашылды

Қызылордада екі күнде 13 қылмыстың беті ашылды

Kyzylorda-news.kz. Қызылордалық полицейлер «Құқық тәртібі» жедел профилактикалық іс-шарасының 2 күнінде 13 қылмыс ашты. Облыс орталығында бұрын жасалған 3 қылмыстың беті ашылды. Профилактикалық есепте тұрған 499 тұлға тексерілді.

Облыс бойынша барлығы 524 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

Мәселен, алкоголь өнімдерін сату тәртібін бұзудың 4 дерегі тіркелсе, түнгі тыныштықты бұзудың – 22, қоғамдық орында алкогольдік мас күйде болудың – 47 дерегі анықталды.

Жол қауіпсіздігіне келер болсақ, жылдамдықты асырған 98 жүргізуші, жаяу жүргіншіге жол бермеген 10 және көлікті мас күйде басқарған 9 жүргізуші заңға сәйкес жауапкершілікке тартылды.

Айта кетерлігі, Жаңа жыл мерекесі қарсаңында облыс көлемінде «Құқық тәртібі» жедел шарасы өткізіліп, полиция қызметкерлері күшейтілген режимде қызмет атқаратын болады.
25 желтоқсан 2020 ж. 164 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области