Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада масаң күйде көлік басқарған 46 жүргізуші жауапқа тартылды.

Қызылордада масаң күйде көлік басқарған 46 жүргізуші жауапқа тартылды.

Kyzylorda-news.kz. Қызылордалық полицейлер “Құқық тәртібі” іс-шарасы кезінде 264 құқық бұзушылық анықтады.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлері күшейтілген тәртіпте жұмыс істеуде. 24-26 шілде аралығында облыс аумағында құқықтық тәртіпті сақтау, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда қылмыстарды ескерту, жолын кесу және жедел ахуалды сауықтыру мақсатында “Құқық тәртібі” атты жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті.
“Құқық тәртібі” жедел-профилактикалық іс-шарасының аясында қоғамдық тәртіпті, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін бұзудың 264 дерегі анықталды. Оның ішінде жол-көлік оқиғасына тікелей септігін тигізетін өрескел жол қозғалыс ережесін бұзушылық, атап айтқанда, қарсы бағытқа шыққаны үшін үш жүргізуші анықталып, қауіпсіздік белдігін тақпай автокөлік басқарғаны үшін 90, ұялы телефонмен сөйлесіп көлік басқарғаны үшін 30 жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылды. Автокөлікті масаң күйде басқарудың алты дерегі, қоғамдық орындарда алкогольді сусындарды ішкен 46 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жергілікті жұмыс барысында полиция нарядтарымен қабылдау-тарату орнына – үш, Уақытша бейімдеу орталығына – 46 адам жеткізілді.
28 шілде 2020 ж. 180 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области