Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазалыда тыйым салынған қару алып жүрген тұрғындар анықталды

Қазалыда тыйым салынған қару алып жүрген тұрғындар анықталды

Kyzylorda-news.kz. Облыс көлемінде өткізіліп келе жатқан «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Қызылорда облысы Полиция департаментінің Қазалы ауданының полиция бөлімінің қызметкерлерімен біршама жұмыстар атқарылды.

Іс-шара барысында учаскелік полиция инспекторлары, патрульдік полиция және ювеналды полиция тобымен барлығы 106 әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталып, тиісті әкімшілік шаралар қабылданды. Мысалы, алкогольді масаң күйде көлік жүргізген 2 жүргізуші ұсталып, ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабымен (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқаруы) әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 200-бабымен Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзудың 2 дерегі анықталды.

Күдік келтірген автокөліктерді тексеру барысында олардан сақтауға және алып жүруге тыйым салынған 2 суық қару, травмат және атыс қаруы табылды. Сонымен қатар, есепте тұрған 78 тұлға тексерілді. Учаскелік полиция инспекторларымен көпқабатты үйлердің аулалары және тұрғын үй жайлар араланып, тұрғындарға құқықтық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Жедел-профилактикалық жұмыстар жалғасуда.
27 тамыз 2020 ж. 167 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области