САЯЖАЙҒА РЕЙДТТІК ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗІЛДІ
Қызылордалық полицейлер қалаға қарасты Талсуат саяжайына рейдтік тексерулер жүргізді. Оған 75 қызметкер және 6 автопатруль жұмылдырылды.
Іс-шараның басты мақсаты – қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу, тұрғылықты жерінен ІІО-да есепте тұратындарды тексеру.
Полиция қызметкерлері рейдтік шара барысында жоғарыда аталған саяжайдағы 290 үйді аралап, тұрғындармен кездесті. Нақты кезеңде саяжай тұрғындарынан келіп түскен проблемалық сұрақтар бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Айта кетейік, іс-шара кезінде автопатрульдер 24 әкімшілік құқық бұзушылықтар анықтады. Олар ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабымен (қоғамдық орындарда масаң күйде жүру) 4 дерегі, 505-бабымен (абаттандыру ережесін бұзу) 9 дерегі, 492-бабымен (мекен-жайы бойынша тіркеуде тұрмау) 3 дерегі, 593-бабымен (қауіпсіздік белбеуін тақпау) 8 дерегі анықталып, құқық бұзушылардың барлығы жауапкершілікке тартылды.
Сонымен қоса, ІІО-да тіркеуде тұрған 30 аңшы мылтығы бар 23 қару иелері мекен-жайларынан тексерілді. Тексеру кезінде Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 484 бабымен (қаруды сақтау ережесін бұзу) 2 құқық бұзушылық анықталып, оларға қатысты әкімшілік айыппұлдар салынды.
ІІО-да есепте тұратын 11 тұлға тексеріліп, олармен құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында профилактикалық әңгімелер жүргізілді.
Бұған қоса, аралау барысында ауылдық округте тиісті құжатсыз құрылыс жасап жүрген 3 шетел азаматтары анықталып, олардың жеке басын анықтау мақсатында ҚІІБ-ның қабылдау-тарату орнына тапсырылды.
Алдағы уақыттарда да бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табады.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі