Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда: Былтыр мұғалімдердің 55%-нің жалақысы артты

Қызылорда: Былтыр мұғалімдердің 55%-нің жалақысы артты

Kyzylorda-news.kz. Президенттің ұстаз мәртебесін көтеруге арналған тапсырмасына сәйкес мұғалімдердің жалақысы тағы да артты. Яғни 1 қаңтардан бастап барлық ұстаздардың жалақысы 25 пайызға көбейді. Бұл жолы тек мектеп мұғалімдері ғана емес, балабақша педагогтерінің, қосымша білім беру, колледждер мен жоғары оқу орындары мамандарының да еңбекақылары көбейіп жатыр.

Сондай-ақ, біліктілік санатына қарай еңбекақының 30-дан 50 пайызға дейінгі көлемін қосымша ала алады. Ал, пәнді ағылшын тілінде жүргізгені үшін, дәптер тексергені үшін, сынып жетекшілігі үшін, тәлімгерлік жасағаны үшін қосымша ақы төленеді. Мұнан бөлек, өткен жылдан бастап магистрлік дәрежесі бар мұғалімдерге 27 мың теңге көлемінде қосымша төлем беріле бастады.

Қызылорда облысында өткен 2020 жылы барлық ұстаздардың 55 пайызының еңбекақысы артқан. Оның ішінде магистрлік дәрежесі үшін қосымша ақы алған ұстаздар да бар.

Айта кету керек, Сыр елінде 30 мыңнан аса педагог қызмет етеді. Балабақшада 5912 педагог, мектепте 22222 педагог, колледждерде 2176 педагог жұмыс істейді.
06 қаңтар 2021 ж. 182 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области