Қызылордада өткен жылы баспананы сату-сатып алу келісімдері көп жасалған

Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес, былтырғы желтоқсан айында баспананы сату-сатып алуға қатысты 32 027 мәміле жасалған. Бұл, оның алдыңғы аймен салыстырғанда 6,9 пайызға көп.
2020 жылы баспананы алып-сатумен байланысты ең аз келісім Шығыс Қазақстан облысында жасалған. 2019 жылмен салыстырғанда көрсеткіш 16,6 пайызға азайған. Одан кейінгі орындарда – Павлодар (-10,9 пайыз), Солтүстік Қазақстан (-10,5), Ақтөбе (-10,3), Жамбыл (-10,0) облыстары тұр.
2020 жылы үйді сату-сатып алуға қатысты ең көп мәміле Шымкент қаласында жасалған. 2019 жылмен салыстырғанда 10,9 пайызға көп. Одан кейінгі орындарда – Қызылорда (+7,3 пайыз), Түркістан (+7,2 пайыз), Атырау (+7,0 пайыз), Маңғыстау (+6,3 пайыз) орналасқан.
Алматы қаласында – 2,9 пайызға, Нұр-Сұлтан қаласында 9,1 пайызға үйлер аз сатылған және сатып алынған.