Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Ольга Шиян: Қызылорда облысының тұрғындары сыбайлас жемқорлық жағдайымен жиі бетпе-бет келеді

Ольга Шиян: Қызылорда облысының тұрғындары сыбайлас жемқорлық жағдайымен жиі бетпе-бет келеді

Kyzylorda-news.kz. Ауруханалар, полиция, жер басқармасы, орталық кеңселер, мемлекеттік балабақшалар – сыбайлас жемқорлық жағдайы көп кездесетін мемлекеттік мекемелер. Бұл туралы «Transparency Kazakhstan» ҚҚ атқарушы директоры Ольга Шиян Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық жағдайының мониторингі өткен жылы күз айында жүргізілді. Республика бойынша 9 мың респонденттен республикалық маңызы бар үш қалада және 14 облыс орталығында, 164 аудан орталығында сұхбат алынды. Сонымен қатар, біз «Ашық диалог» порталынан бір жарым мыңға жуық шағымды зерттедік. Зерттеуге 200-ге жуық сарапшы, 173 дала әлеуметтанушы мен 12-ге жуық сарапшы жұмылдырылды», – деді спикер.
Оның айтуынша, аймақтар бойынша сыбайлас жемқорлық жағдайымен көбінесе Жамбыл, Алматы, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда және Атырау облыстарының тұрғындары бетпе-бет келген.
«Бұл аймақтардағы біздің респонденттер келіссөз жүргізу қажеттілігі жиі туындайтынын хабарлады. 2020 жылдың нәтижесі бойынша сауалнамаға қатысқан тұрғындардың 11,3% -ы өздерінің жемқорлық жағдайына тап болғанын хабарлады. Ауруханалар, полиция, жер басқармасы, орталық кеңселер, мемлекеттік балабақшалар – сыбайлас жемқорлық жағдайы көп кездесетін мемлекеттік мекемелер. Әйтсе де 2019 жылмен салыстырғанда респонденттердің сыбайлас жемқорлық жүйесімен бетпе-бет келу жағдайы 1 пайызға төмендегені байқалады», – деді Ольга Шиян.
13 қаңтар 2021 ж. 108 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области