Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жемқорлық қай өңірде төмен екендігі анықталды

Жемқорлық қай өңірде төмен екендігі анықталды

Еліміздің қай өңірінде жемқорлық деңгейі төмен екендігі анықталды. Бұл туралы бүгін Кәсіпкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылы жөніндегі ІІІ республикалық форумда Стратегиялық бастамалар орталығының директоры Бақытжан Саркеев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Адалдықтың жалпы рейтингінде екінші жыл қатарынан Солтүстік Қазақстан облысы көшбасшы болып тұр. Үздік үштікке Ақмола мен Қызылорда облыстары кіреді. Ең төменгі рейтинг Маңғыстау, Түркістан және Батыс Қазақстан облыстарында тіркелген. Дегенмен, бұл рейтингке қарамастан барлық облыстарда кәсіпкерлер жемқорлыққа тап болып жатады», - деді Б.Саркеев.
Сонымен қатар, орталық директоры мемлекеттік органдар арасындағы жемқорлық деңгейіне қатысты деректермен де бөлісті.
«Аумақтық бөлімшелер арасында жемқорлық ішкі мемлекеттік аудит қызметінде, АӨК-тегі мемлекеттік инспекцияда және көліктегі бақылау қызметінде кеңінен тараған. Егер әкімдіктер басқармасын алып қарайтын болсақ, жемқорлық сәулет және қала құрылысы, жер қатынастары басқармаларында тіркеледі. Негізінде құрылыс және жер қатынастарының кәсіпкерлерге барынша қатысы бар. Сондықтан пара арқылы шешілетін мәселелер туындайды», - деді ол.
18 наурыз 2019 ж. 425 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области