Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ – ҚОҒАМ ДЕРТІ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ – ҚОҒАМ ДЕРТІ

Кез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық мемлекеттік жетістіктерді жоққа шығарып, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер әкелетіндігі күмәнсіз. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі болып осы зұлымдықпен күресу болып табылады.
Мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат еліміздің әлеуметтік, экономикалық және саяси тұрақтылығын нығайтып, азаматтар мен жалпы қоғамның құқықтарын, бостандықтарын, заңды мүдделерін заңға қарсы әрекеттерден қорғау деңгейін көтеруге жол береді.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» ҚР Заңының негізгі қағидаттары заңдылық, адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау басымдығы, жариялылық пен ашықтық, мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимыл жасауы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын жүйелі және кешенді пайдалану, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын басым қолдану, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсететін адамдарды көтермелеу және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін жазаның бұлтартпастығы.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» ҚР Заңы оның мақсаттары мен міндеттерін, әрекет ету саласын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл саласындағы ҚР заңнамасын, мемлекеттегі жемқорлыққа қарсы қимылдың басты бағыттарын, Заңда қолданысқа ие негізгі ұғымдарды, негізгі принциптерін, жемқорлық құқық бұзушылық субъектілері жүйесін, жемқорлықтың алдын-алу шаралары, оны қадағалау, ақпараттандыру ережелерін белгілейді.
Ел болып еңсемізді көтеріп, тәуелсіздігімізді алып, шаршы әлемге өзінің біртұтастығымен, ажырамас бірлігімен танылдық. Бүгінде Елбасымыздың көреген саясатының арқасында мемлекетіміздің тамыры тереңге тартып, нығая түсуіне бағытталған құқықтық заңнамалар мен іс-шаралар қабылданып, ел экономикасы мен әлеуметтік жағдайы түзеліп, әлем мемлекеттерінің ортасынан өз орынын айқындады.
Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі дамымауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа қарсы тұруға болады.

Н.САҒЫМБАЕВ,
Қызылорда облысы бойынша ішкі
мемлекеттік аудит департаментінің
жетекші маманы.

06 қараша 2018 ж. 4 575 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области