Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада ауа райына қатысты ескерту жарияланды

Қызылордада ауа райына қатысты ескерту жарияланды

Kyzylorda-news.kz. Қазақстанның 6 облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

16 қаңтарда Қызылорда облысында жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с болады.

16 қаңтарда Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман болады. Күндіз кей жерлерде көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с-ға жетеді.

16 қаңтар Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, кей жерлерде күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с болады.

Орал қаласында 16 қаңтардатұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады.

16 қаңтарда Ақмола облысының кей жерлерде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с болады.

Көкшетау қаласында 16 қаңтарда оңтүстіктен жел соғады, түнде және таңертең екпіні 15 м/с болады.

16 қаңтарда Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Желдің бағыты оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, кей жерлерінде 18 м/с, түнде Мұғалжар ауаданында екпіні 23 м/с болады.

16 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, күндіз жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с болады.

Петропавл қаласында түнде 16 қаңтарда оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады.
16 қаңтар 2021 ж. 146 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области