Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жол ақысын «Мой Beeline» ұялы қосымшасы арқылы төлеуге болады

Жол ақысын «Мой Beeline» ұялы қосымшасы арқылы төлеуге болады

Kyzylorda-news.kz. Енді жол ақысын «Мой Beeline» ұялы қосымшасы арқылы төлеуге болады. Аталған оператордың қызметін қолдану арқылы жолаушылар 10 теңге үнемдей алады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте «Alempay» ЖШС-і филиал директорының орынбасары Абат Бахытбекұлы баяндады.

Бүгінде Қызылорда қаласындағы қоғамдық көлікте жол жүру құны 90 теңге, ал электронды карта арқылы төлем жасаушылар үшін 85 теңге көлемінде бекітілген.
Біз жолаушыларға электронды төлем жасау түріне көшуге кеңес береміз. Бұл арқылы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға болады. Тиісінше электронды жүйені қолдану арқылы төлемнің тиесілі орынға түсуіне септігін тигізе аласыздар. Сондай-ақ қанша жолаушы қоғамдық көлік қызметін пайдаланғандығын есептеуге мүмкіндік туады. Біздің мақсатымыз – қызмет сапасын арттыру», – деді Абат Бахытбекұлы.
Тұрғындардың ұсынысына сәйкес, барлық банк карталары мен қосымшалары және ұялы байланыс операторлары арқылы да төлем жасауға болады. Бұл QR код немесе СМС жолдау арқылы жүзеге асады. Ескеретін жайт, аталған жүйемен есептесу автобус паркіне қарасты 5 бағытта қызмет көрсететін автобустарға ғана қатысты.
18 қаңтар 2021 ж. 124 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области